banner

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

514

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады.  

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Басқосуға Малайзия тарапынан аталған мемлекеттің әуе билігінің директоры Датук Честер Ву Көлік министрлігі өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер "Air Asia" және "Malaysia Airlines" басшылығы қатысты.

Бұған дейін, 2019 жылы Covid-19 пандемиясының алдында Азаматтық авиация комитеті "Air Asia" әуекомпаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын. Алайда ол карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды.

Қазақстандық тарап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.

Ірі төмен бюджеттік "Air Asia" әуекомпаниясы басшылығының ақпараты бойынша 2023 жылы Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстерді іске қосу жоспарлануда (ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі).

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында "Air Asia" әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу