Қазақстан мен Мажарстанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөлейсті

580

Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.

Қазақстан мен Мажарстанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөлейсті

Мажар тарапының бастамасымен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөлейсті.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі туралы сөйлескен.

"Мажар тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады. Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу