banner

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

1380

Елде 300-ден аса корей компания жұмыс істейді. 

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

2020 жылы қоc ел арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты. Бұл туралы Қазақстандағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ку Хон айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда және инвестиция көлемі артып келеді.

"Қазақстан – Кореяның төртінші сауда серіктесі. Қос мемлекет пандемиядан туындаған дағдарысты абыроймен еңсеріп жатыр, әрі өткен жылы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты. Бүгінде Қазақстанда 300-ден аса корей компаниясы жұмыс істейді", – деді елші.

Сондай-ақ ол елдегі жолдардан көптеген корей көлігін көруге болатынын, қазақстандықтар корей смартфондары мен тұрмыстық техниканы пайдаланатынын атап өтті.

"Кореялық компаниялар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қоса отырып, жергілікті жұмысшылармен және іскер серіктестермен үлгілі әріптестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті", – деді Ку Хон.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу