Қазақстан мен Өзбекстан 8 млрд долларға келісім жасады

499

Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Қаазақастан мен Өзбекстан 8 миллиард долларға келісім жасады. 

Қазақстан мен Өзбекстан 8 млрд долларға келісім жасады Фото: akorda.kz

Сонымен қатар, екі ел басшысы оңтүстіктегі шекараны шегелейтін халықаралық-құқықтық құжатқа қол қойды. 

Екі жақты келіссөздер барысында Тоқаев: "Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұрлым тұрақты болатынын" атап айтты.

"Одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қою біздің мемлекетаралық байланыстарымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Егер біз шартты тарихи маңызы бар құжат деп атайтын болсақ, бұл асыра айтқандық емес деп ойлаймын. Бұл аса маңызды құжат біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және екі елдің өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысын білдіреді", деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мен Өзбекстан Орталық азиядағы сауда айналымы ең іең ірі елдер. Екі ел арасындағы алыс беріс 10 айда 5 млрд долларға жақындап былтырмен салыстырғанда 35 пайызға артқан. Сондыктан бугин Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше тоқталды. Атап айтқанда, инвестициялар тартуға, өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транзиттік әлеуетте кооперацияны дамытуға басымдық берді. 

Сондай-ақ, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл талқыланды.

"Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының жобасы жаңа кәсіпорындарды құру үшін маңызды алаң болатынына сенімдімін. Қазір өңіраралық ынтымақтастықтың әлеуетін барынша пайдалану қажет. Ал жүк тасымалы көлемін бірнеше есе ұлғайту мақсатында көлік инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған жобаларды жеделдетуге келістік", деді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев.

Қазір энергетика мәселесі өңірдегі ең өзекті тақырыптың біріне айналды. Қыс түскелі Қазақстанның солтүстігінде жылу электр станциялары бірінен кейін бірі істен шықса, Өзбекстан тіпті энергетикалық дағдарысқа тап болды. Оған қоса, жыл басында Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстігі жарықсыз қалғаны есімізде. Сондықтан болар, Ақшолақов кешелі бері Ташкентте келіссөздер жүргізуде. Алайда келісімдерде электр энергиясының тасымалы емес тағы мұнай талқыланыпты.

"Негізінен қабылданған құжаттар өзбек тарапының Қазақстандық мұнайды Ферғана мен Бұхарадағы зауыттарға тасымалдауға қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы мұнай өнімдерінің транзиті де талқыланды. Ал Өзбекстан көмір электр станцияларын арттырар болса біз көмір экспорттын көбейтуге  дайынбыз", деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар, бүгін екі ел басшысы миллиардтаған доллар болатын 6 жобаның құрылысын іске қосты. Қазақстан капиталымен Өзбекстанда ашылатын жобаның бірі шикізаттық ендігілері құрылыс пен логистика саласы. Ал Өзбекстан біздің елде өндірістік кәсіпорындар ашпақ. Қарағандыда келер жылы тұрмыстық техника зауыты ашылса, Қостанайға өзбекстандық көліктің бөлшектері жеткізілмек. 

Осылайша көршіміз арқылы шикізатқа бағытталған экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндік туды.

Айта кетсек, Тоқаевтың Өзбекстанға сапары екінші Президенттік мерзімдегі алғашқы мемлекеттік сапары.

Маржан Жұмабай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу