Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар көбірек қатынайтын болды

Қос ел әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар көбірек қатынайтын болды Фото: gov.kz

Бұл туралы Ташкент қаласында өткен "Қытай – Орталық Азия" (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Өзбекстан тарапынан келіссөздерге Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты. 

– Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейту, тұрақты рейстердің жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін жақсарту мәселелерін талқылады.

Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін ұлғайтуға келісті.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру сұраныс жоғары бағыттар бойынша әуе тасымалы ұсынысын арттыруға мүмкіндік береді, – делінген ресми хабарламада. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағынының өсуі, іскерлік және туристік байланыстардың жандануы әуе тасымалына деген сұраныстың артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу