Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар нығаяды

163

Көптеген салада ынтымақтастық кеңейеді деп күтіліп отыр. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар нығаяды Фото: Ақорда

Сенат "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты сенатор Алишер Сатвалдиев таныстырды.
 
"Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, сондай-ақ экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмаған. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды нығайту қарастырылған. Сонымен қатар, бұл құжатты қабылдау арқылы екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайту межеленген", - деді Сенат депутаты.

Сөзінше, құжат аясында Мемлекет басшылары жетекшілік ететін Жоғары Мемлекетаралық кеңес құрылып, оның қызметін Сыртқы істер министрлерінің кеңесі үйлестіреді.

"Мемлекетаралық және парламентаралық байланыстардың барлық спектрі бойынша тұрақты және тығыз диалог орнатылды. Бұл Шарт халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сай келеді деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ең жоғары деңгейі деп бағаланған келісім болады", - деді сенатор Алишер Сатвалдиев.

Айта кету керек, Қазақстан осындай шарттарға Қырғызстан (2003 жылы) және Ресеймен (2013 жылы) қол қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу