Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді

507

Taskent Law Spring II халықаралық заң форумы аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі екі елдің министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасын бекітті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді

Осы Бағдарламаның бір тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 23 тамызында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ZOOM платформасында Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың қазіргі жағдайы мен басым бағыттары туралы бірлескен презентация өткізді.

Презентация барысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары және осы саладағы жоспарланған жобалар айтылды.

Қорытындылай келе мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы іске асырылып жатқан жобалар бойынша мәселелер талқыланып, осы бағытта тәжірибе алмасу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу