Қазақстан мен Өзбекстан астық логистикасын бірлесіп реттемек

161

Көлік министрлігінде Орталық Азия бағытында астық жүк­­терін тасымалдау мәселелері қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Өзбекстан астық логистикасын бірлесіп реттемек Фото: canva

Көлік министрлігінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының және "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық жүктерін тасымалдау мәселелері бойынша жедел кеңес өткізілді.

– Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тонна болып, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты. Тек қараша айында ғана экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстандағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келгені атап өтілді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді.

Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8-9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу