Қазақстан мен Өзбекстан бірыңғай тауар өткізу жүйесі мәселесін талқылады

998

Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы аясында қос ел бірлескен тауар өткізу жүйесін құру мәселесін талқыға салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстан мен Өзбекстан бірыңғай тауар өткізу жүйесі мәселесін талқылады

Іс-шараға Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев және Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов қатысты. 

Панельдік сессия аясында Қарақалпақстан министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Хабибуллаев Бахитжан, сондай-ақ Өзбекстанның жекелеген облыстарының  орынбасарлары өз өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. 

"Кездесу барысында қатысушылар трансшекаралық саудадағы техникалық реттеудің рөлі мәселелерін талқылады. Өзбекстан мемлекеттік Кеден комитеті төрағасының орынбасары Уткиржон Кодиров ТҚ-дағы кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы ақпарат берді", – деп жазылған хабарламада. 

Форум аясында трансшекаралық хабтарды құру және дамыту мәселесі де қаралды. 

Сауда және интеграция министрінің кеңесшісі Гүлжан Арғынбаеваның айтуынша, бүгінде Қазақстан арқылы 11 халықаралық көлік маршруты (5 теміржол және 6 автожол) өтеді. Олар аса маңызды трансеуразиялық сауда дәлізін қамтиды. Олар Орталық Азияны жаһандық нарықпен байланыстырады. 

"Қазір ЕАЭО мен Орталық Азия елдерінің бірыңғай тауар өткізу жүйесінің тірек нүктелері ретінде қызмет ететін шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісі құрылып жатыр. "Орталық Азия" ХТО, "Қорғас" құрғақ порты және Құрық порты, "Солтүстік-Оңтүстік" және "Шығыс-Батыс" халықаралық дәліздері шеңберінде құрлықтағы жүк тасымалының контрегуляторы болып саналады", – деді кеңесші. 

Панельдік сессияға қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында құрылған Ташкент маңындағы "Орталық Азия" сауда-экономикалық кооперациясының, әрі "Солтүстік – Оңтүстік" Орталық Азия экономикалық дәлізінің маңызын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу