Қазақстан мен Өзбекстан теміржол арқылы жүк тасымалын арттырмақ

187

Қазақстан мен Өзбекстан көлік ведомстволарының өкілдері теміржол және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.  

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол арқылы жүк тасымалын арттырмақ Фото: gov.kz

Кездесу Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-отырысы қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру аясында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық делегацияны Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ал Өзбекстан тарапын көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров басқарды.

Тараптар теміржол көлігі мен логистика саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайту және екі ел арасындағы көлік байланысын нығайту шараларын талқылады.

Кездесуде қазақ-өзбек шекарасындағы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, халықаралық көлік дәліздерін дамытуға және терминалдық қуаттарды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ транзиттік жүк ағындарын көбейту және Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша тасымал көлемін арттыру мәселесі қаралды.

Кездесу қорытындысында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу