Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық суларды ғарыштан бақылауы мүмкін

152

Бұл туралы 24.KZ телеарнасы хабарлады.  

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық суларды ғарыштан бақылауы мүмкін Фото: mail.ru

Қазақстан мен Өзбекстан ғарышты игеру бойынша бірнеше жобаны іске асырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соның бірі трансшекаралық өзендерді көктен бақылау идеясы. Ғылыми тілде айтсақ, жерді қашықтан зондтау және GIS бағыттарын дамыту. Бұл жұмыстар жүзеге асса, Орталық Азия аймағы үшін үлкен олжа. Себебі тіршілік нәрінің азаюы өңірде үлкен мәселеге айналып барады. 

CubeSat спутнигін құрастыру үшін бауырлас мемлекеттердің бір топ инженері қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде Өзбекстанның да сала мамандары бар. 

"Ғарыштық мониторинг бойынша біз қазақ тарапының тәжірибесін зерделедік және кейбір маңызды бағдарламаларды өзімізге енгіздік. Трансшекараларды әуеден бақылау идеясы қазір өзекті. Сондай-ақ біз Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Қазақстан әзірлеп жатқан спутникті құрастыру және оны ғарыш кеңістігіне шығару бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп мәлімдеді "Өзбекғарыш" агенттігі халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Бехруз Мирзаев.

Трансшекаралық суларды әуеден бақылау идеясы әзірге талқыланып жатыр. Бастапқыда ол ғылыми жоба ретінде жүруі мүмкін. Кейін оны толық платформа ретінде  қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу