Қазақстан мен Өзбекстан туризмді дамыту үшін трансшекаралық жоба бастамақ

750

Бұл туралы Ташкентте өткен "Жібек жолындағы Туризм" халықаралық форумында айтылды. 

Қазақстан мен Өзбекстан туризмді дамыту үшін трансшекаралық жоба бастамақ Фото: kznews.kz

Ол үшін екі ел арасындағы ірі турагенттіктермен келісім жасалады. Сөйтіп Ташкент, Самарқанд қалаларына келген саяхатшылар, бірлескен жоба аясында Түркістан облысына да барады. Өйткені бұл қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихы мен мәдениеті ұқсас орталықтар.

Осылайша туристер, бір турдың аясында екі елді аралап шығуы тиіс. Қазірдің өзінде, көрші мемлекеттер арасында "Табаррук Зиёрат" пилоттық жобасы іске қосылған. Бағдарлама аясында, келушілер екі елдің қасиетті орындарына мінажат жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу