Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері 900 мың долларға экспорттық келісім жасады

612

Екі жақты алыс-берісті дамытуға бағытталған меморандумдар құрылыс саласынан бастам тоқыма өнеркәсібіне дейін қамтиды. 

Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері 900 мың долларға экспорттық келісім жасады Фото: inbusiness.kz

Экспорттық келісімдерден бөлек, қазақ-өзбек іскерлік кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің өзекті мәселері де талқыланды. Ташкенттегі жиынға еліміздің 10 шақты өңірінен 32 компания мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Ал Өзбекстан тарапынын, қазақстандық нарыққа қызығып отырған 39 кәсіпорын мен сауда палатасының мамандары жиналды. Кәсіпкерлер ең көп көтерген мәселе  логистикалық кедергілер. Екі елдің де бизнесмендері тариф бағасы мен бюрократияға шағымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу