Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейді

167

Астанада Қазақстан-Польша Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейді Фото: gov.kz

Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту болды.

ҮАК тең төрағалары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов және Польша Республикасы Экономикалық даму және технологиялар министрінің орынбасары Михал Барановский – салалық ведомстволар өкілдерімен бірге екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Тараптар серіктестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік, фармацевтика және цифрлық технологиялар сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

"Польша Орталық-Шығыс Еуропа мен Еуропалық Одақтағы Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері Астана мен Варшава сындарлы саяси диалогты нығайтып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтіп келеді", – деді А.Исетов Польша компанияларының Қазақстандағы табысты қызметін атап өтіп.

Өз кезегінде поляк тарапы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру шараларына қызығушылық танытып, Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретіндегі рөлін растады.

Тараптар сондай-ақ бұған дейін өткен Қазақстан-Польша бизнес-форумының іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнатудағы тиімді алаң ретіндегі маңызын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу