Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

387

Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады Фото: gov.kz

Ерлан Ақкенженов Мәскеуде Ресейдің энергетика саласы басшылығымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында қазақстандық министр Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак және РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевмен келіссөз жүргізді.

Тараптар мұнай-газ саласы, электр энергетикасы және бірлескен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар екі ел энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетикалық қауіпсіздік пен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаларды пысықтау және диалогты жалғастыру туралы келісімге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу