Санкт-Петербург қаласында Халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасында ұшқышсыз көлік пен көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу және рұқсат беру мен тауар құжаттарын электрондық форматқа көшіру бойынша ынтымақтастықты реттейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу