Қазақстан мен Ресей нақты жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты арттырады – Президент

824

Жыл басынан бері пандемияға қарамастан Қазақстан мен РФ арасында сауда көлемі 26% өскен. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей нақты жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты арттырады – Президент

"Биыл 5 айда сауда көлемі 26% өскені қуантады. Бұл пандемиядағы қиындықтарға қарамастан болып отыр. Күн тәртібінде нақты жобалар арқылы ынтымақтастықты арттырудың үлкен жоспары бар. Бүгінде қос мемлекеттің үкіметі жүргізген түрлі салалардағы күш-жігердің арқасында машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда зәкірлік жобалар құрылды. Менің ойымша, біз бұл бағытта жұмыс жүргізуіміз керек", – деді Президент 

Нұр-Сұлтанда РФ премьер-министрі Михаил Мишустиннің қатысуымен өткен кездесуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "қос ел өте маңызды келісімге қол қоюға дайындық жүргізіп жатыр, бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін береді".

"Сіздермен белгіленген жоспарларды іске асыруға байланысты бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жүргіздік. Мен сіздің осы жұмысқа жеке қосылуға деген ықыласыңызды құптаймын және түпкілікті табысқа жететінімізге толық сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы Ресей премьер-министріне.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу