Қазақстан мен Ресей шегірткеге қарсы күреске дайындық мәселесін талқылады

776

Шекараға жақын аумақтарда зиянкестерінің таралу ошақтарын анықтау және олардың көшуіне жол бермеу мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізілмек. 

Қазақстан мен Ресей шегірткеге қарсы күреске дайындық мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өсімдіктерді қорғау қызметі мамандарының қатысуымен екі жақты келісімі шеңберінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын өткізу мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесі өтті, деп жазды inbusiness.kz. 

Іс-шара барысында мемлекеттер аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың шектес аумақтарға көшуіне жол бермеу мақсатында өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

"Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылға Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары мақұлданды. Сондай-ақ тараптар екі мемлекеттің шекара маңы аумақтарына шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарын анықтау және олардың көшуіне жол бермеу мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге келді", – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу