Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аймақтағы тасқын суға тосқауыл қойылды

128

Жағдай мамандардың бақылауында.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аймақтағы тасқын суға тосқауыл қойылды Фото: Үкімет

2026 жылғы 26 наурыз, кешкі сағат 20:00 шамасында Қостанай облысындағы Желқуар өзенінде, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап аймақта ұзындығы 70 метр, биіктігі 5-10 см болатын еріген қар суының тасуы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жағдайға байланысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалының мамандары су ағынын реттеу және он тоқтату бойынша жедел шаралар қабылдады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сағат 22:00-ге дейін су толығымен тоқтатылды. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейтарап аймақтағы учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, сигналдық бағаналар мен ескерту белгілері орнатылды. Гидравликалық жүктемені азайту және қайта тасудың алдын алу үшін қосымша қапшықтар орнату жұмыстары жүргізілді.

Су деңгейі қайта көтерілген жағдайда, KZ10-05 "Мариновкаға кіреберіс" автожолының 9-шақырымында, сондай-ақ Ресей Федерациясы бағытындағы жолда көлік қозғалысын уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

"Айта кету керек, аталған су тасу құбылысы жыл сайын қайталанып отырады. Еріген қар сулары толық өткеннен кейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етіледі", – делінген ҚазАвтоЖол мекемесі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу