Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары қандай келіссөздер жүргізбек?

591

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары қандай келіссөздер жүргізбек? Фото: primeminister.kz

Хабарда айтылғандай, Үкімет басшылары Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелерін, Энергетика, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардағы ірі бірлескен жобалардың іске асырылу барысын талқылауды жоспарлап отыр.

Сонымен қоса Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД елдерінің өзара іс-қимылдарына қатысты өзекті мәселелерді де қарамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу