Қазақстан мен Ресей министрлері келер жылы Каспий саммитін Иран астанасында өткізу бастамасын қолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бүгінгі кездесуде Каспийдегі бірлескен жұмысқа деген сұраныстың сақталғанын және тіпті артып келе жатқанын атап өттік. Каспий маңындағы бес мемлекет теңізге қатысты мәселелерді шешуде айрықша құзыретке ие, өңірдегі орнықты даму, ондағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты деген пікірге тоқтадық. 2026 жылғы 12 тамызда Тегеранда жетінші Каспий саммитін өткізу туралы ирандық ұсынысты оң деп санаймыз. Бұл Каспий күні болып саналады, – деді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесу қорытындысы бойынша брифингте.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.