Қазақстан мен "Росатом" арасындағы келісімге қашан қол қойылады?

127

Ол үшін бірқатар процедуралар жасалуы тиіс. 

Қазақстан мен "Росатом" арасындағы келісімге қашан қол қойылады? Фото: «Росатом»

Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бас келісімшартқа келсек, ол Қазақстан мен Ресей арасында негізгі шарттары мен мемлекетаралық қаржыландыру жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойылғаннан кейін ғана жасалады. Жобалық құжаттаманы әзірлеу инженерлік зерттеу нәтижелеріне байланысты. Бұл зерттеу жұмыстары биылғы жазда басталады деп жоспарланып отыр", – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәлімдеуінше, "Росатом" санкция салынған ұйымдар тізімінде жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу