Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

113

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Энергетика министрінің халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нассер Әл-Доссаримен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек Фото: СІМ

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылап, көпжақты алаңдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Инвестициялық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ тұрақты даму мен энергетикалық ресурстарды әртараптандыруға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу