Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті

300

2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының "FlyNas" әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу