Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

300

Тараптар тікелей әуе қатынасын кеңейтуді талқылады.    

Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ Фото: gov.kz

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Туризм министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Хауазин Насифпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы туристік байланыстарды жандандыру, салалық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар туристік әлеуетті арттыру үшін Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тікелей әуе қатынасын кеңейтудің стратегиялық маңызына тоқталды.

Кездесу қорытындысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу