Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан президентінің Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын айтты.
Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда саяси және экономикалық жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді.
Екі елдің президенттері Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға әзір екендігін растады.
Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.