Қазақстан мен Сербия экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытпақ

104

Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Сербия экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытпақ Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Сербияның халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Поповичпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Сербия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.

Сондай-ақ, Сербия басшылығының Қазақстанға алдағы сапары аясында өнеркәсіп, құрылыс, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.

Әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге және Іскерлік кеңесте талқыланатын бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.

"Сербия – Қазақстанның Балқандағы жақын және сенімді серіктесі және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасында тиімді ынтымақтастық архитектурасы, соның ішінде тұрақты саяси диалог қалыптасты", – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Кездесуден кейін тараптар өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу