Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцарияның Берн қаласына ресми сапармен барып, швейцариялық әріптесі Иньяцио Кассимен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы саяси байланыстардың жоғары деңгейі, достық және өзара сенімге негізделген қатынастардың одан әрі нығайтуға деген ниет білдірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Е.Көшербаев Швейцарияның Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың артып келе жатқанын жеткізді. Соңғы 20 жылда Швейцария Қазақстанға 35,8 млрд АҚШ долларлық инвестиция салған, ал 2025 жылдың алғашқы он айында тауар айналымы 1,2 млрд АҚШ долларын құраған.
И.Кассис Швейцарияның жан-жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін айтып, елдің 2026 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына назар аударды.
Сапар аясында Қазақстан мен Швейцария "Blue Peace Central Asia" бағдарламасы бойынша өзара түсіністік меморандумына және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды.