Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда көлемі артты

1869

2018 жылы Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы алыс-беріс көлемі 19,88 млрд долларға жеткен.

Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда көлемі артты

Үрімші кеденінің дерегі бойынша, Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 14  пайызға өсіп, 40,6 млрд юань (5,74 млрд доллар) болды. Бұл туралы Xinhua агенттігі жариялады.

Қазақстан мен Қытай бұдан басқа салаларда да, атап айтқанда энергетика секторында тығыз байланыс орнатқан. 

PetroChina West Pipeline Company дерегіне сүйенсек, осы жылдың алғашқы алты айында Қытай – Орталық Азия газ құбыры арқылы Қытайға 23 млрд шаршы метр көлемінде табиғи газ жеткізілген. 

Басылымның мәліметінше, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қытайлық-қазақстандық мұнай құбыры арқылы Қытайға 5,59 млн тонна "қара алтын" тасымалданған. 

Ал 2018 жылы қос ел арасындағы алыс-беріс көлемі 19,88 млрд долларға жеткен. Яғни 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,4 пайызға артқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу