Қазақстан мен Словакия мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтеді

219

Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.  

Қазақстан мен Словакия мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтеді Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов пен Словакия Республикасы Мәдениет министрлігінің мемлекеттік хатшысы Тибор Бернатяктың қатысуымен өткен кездесуде екі елдің Астана мен Братиславада мәдениет күндерін өткізу мүмкіндігі сөз болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын да қарастырды. Атап айтқанда, кітапхана және музей ісі, халық шығармашылығы, креативті индустриялар мен кино саласындағы байланысты дамытуға басымдық берілді.

Словакия Республикасының Мемлекеттік ғылыми кітапханасының директоры Ольга Доктормен кездесуде кітапхана саласындағы әріптестік мәселесі талқыланды. Словакия тарапы қазақ мәдениетін таныту мақсатында кітапхана жанынан Қазақстанның тақырыптық бұрышын ашуды ұсынды.

Сапар аясында Словакияның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Роберт Доброводскиймен де кездесу өтті. Ол әлеуметтік қызметтерді цифрландыру бағытындағы Қазақстан тәжірибесін атап өтіп, "Отбасының цифрлық картасы" жобасына тоқталды.

Кездесуде сондай-ақ балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу