Қазақстан мен Таиланд дипломаттары екі ел арасындағы екіжақты қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті

265

Тараптар екі ел арасындағы қазіргі қатынастары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.    

Қазақстан мен Таиланд дипломаттары екі ел арасындағы екіжақты қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті Фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетовтің Таиланд Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Воравут Понгпрапапантпен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы қазіргі қатынастары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.

Тараптар екіжақты қатынастардың дамуын қанағаттанарлық деңгейде бағалады. Осылайша, 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша сауда көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға өсті. Сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің оң нәтижелері атап өтілді, бұл Қазақстаннан туристердің 2 есе өсуіне ықпал етті.

2024 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларға қатысты мәселелер талқылаудың жеке блогы болды. Тараптар таяу болашақта Қазақстан мен Таиланд ресми тұлғаларының өзара сапарларын ұйымдастырудың орындылығы жөніндегі идеяны қолдады.

Елші А. Исетов пен Бас директор В. Понгпрапапант халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты пікір алмасуды жалғастырудың маңыздылығымен келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу