Кездесу барысында Э.Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпқырлы өзара байланыстардыі одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу