Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жүк тасымалы жеңілдеуі мүмкін

262

Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында халықаралық автомобиль тасымалдарын дамытуға қатысты үш ратификациялық заң жобасы қаралды. Жиынға комитет төрағасы Әмірбек Оспанбеков қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жүк тасымалы жеңілдеуі мүмкін Фото: Kazinform

Заң жобаларының бірі Қазақстан мен Түрікменстан арасында жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауда рұқсатсыз жүйеге көшуді қарастырады. Оның қабылдануы қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат құжаттарын сатып алмай, сондай-ақ 250 АҚШ доллары көлеміндегі алымды төлемей жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, депутаттар Қазақстанның Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылу мәселесін талқылады. Халықаралық автомобиль тасымалдарында e-CMR электрондық жүкқұжатын енгізу де күн тәртібіне қойылды.

Электрондық жүкқұжат қағаз құжат айналымын қысқартып, жүкті рәсімдеуге кететін шығындар мен әкімшілік кідірістерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйе логистикалық процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Комитет заң жобалары бойынша жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу