Қазақстан мен Түрікменстан заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастығын нығайтады

275

Құжат көпшілік талқылауға ұсынылды. 

Қазақстан мен Түрікменстан заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастығын нығайтады Фото: ЖИ

Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Түрікменстан Үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Заң жобасы  "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңның 5, 11, 13, 14 баптарына және "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 1 баптың 13-5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

"Келісімді ратификациялау көші-қон саласындағы ақпаратпен алмасу, сонымен қатар қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ынтымақтастығын нығайту саласында қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімнің мақсаты – көші-қон саласындағы ақпаратпен алмасу, сонымен қатар қос азаматтыққа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуде ынтымақтастықты нығайту", – делінген хабарламада.

Құжатты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайтыны айтылған.

Қаулы жобасын жария талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу