Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттерің сауда көлемі төмендеп кетті

819

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құруды ұсынды.  

Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттерің сауда көлемі төмендеп кетті

Мемлекет басшысы бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. Індеттің салдарынан өзара сауда айналымы азайып кетті. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр шамамен 7 млрд доллар болды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 11,2%-ға төмен. Сондықтан біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайтe басты міндеттің бірі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Түркістанның табиғи ресурсы мен адами капиталы және туристік әлеуетін ескеріп, осы өңірде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құру қажет.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу