Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

746

Қазақстан мен Түркия әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

 

Анкара қаласында әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы мәселелері жөнінде Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары арасында штабтық келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар әскери білім беруді, оның ішінде, курсанттарды Түркияның әскери оқу орындарында оқыту және жауынгерлік даярлықты әрі қарай дамыту мәселесін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2018 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Сапар шеңберінде Түркия Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде білім алып жатқан қазақстандық курсанттармен кездесу ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу