Бұдан былай Астана мен Алматыдан Анкараға күнде ұшып баруға болады

323

Анкараға қатынайтын рейстер жиілеп, жолаушылар үшін қолжетімділік арта түседі.

Бұдан былай Астана мен Алматыдан Анкараға күнде ұшып баруға болады Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мысалы, осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.

Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу