Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға порттардан жүк тиеуге келісті

Анталья қаласында Қазақстан-Түркия автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссиясының отырысы өтті.    

Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға порттардан жүк тиеуге келісті Фото: gov.kz

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отырыс қорытындысында екі ел арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары мен транзитті одан әрі дамыту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

– Тараптар электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қойылмайтыны туралы уағдаласты. Бұл келісім тасымалдарды неғұрлым икемді ұйымдастыруға және тасымалдаушылардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Маңызды нәтижелердің бірі – қазақстандық тасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан Қазақстанға кейіннен тасымалдау үшін жүктерді тиеуге мүмкіндік берілуі, – делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, тараптар 2026 жылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті.

Отырысқа қатысушылар екіжақты және транзиттік тасымалдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, олардың Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға қосатын үлесіне тоқталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу