Қазақстан мен Украина келіссөз өткізді

653

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.  

Қазақстан мен Украина келіссөз өткізді Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Украина Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майкомен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылап, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

"Әңгімелесушілер өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу