Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық байланыстар күшейе түсті

104

Король Чарльз III туған күніне арналған қабылдауда екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің маңызы атап өтілді.  

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық байланыстар күшейе түсті Фото: gov.kz

2026 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі ұйымдастырған Король Чарльз III туған күніне арналған ресми қабылдауға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында дипломат құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстардың стратегиялық маңызын ерекше айтты.

Сөз соңында Жәнібек Әбдрашов Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу