ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.
Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді.