banner

Қазақстан мен Вьетнам арасында 30 күндік визасыз режим енгізілуі мүмкін

500

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазақстан мен Вьетнам арасында 30 күндік визасыз режим енгізілуі мүмкін Фото: yandex.kz

Сыртқы істер министрлігі "ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы Келісімге қол қою туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz. 

Келісімге қол қою екі ел азаматтарының сапарлар рәсімдерін жеңілдете отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді делінген. 

"Бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 (алты) ай болуға тиіс жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күн болатындай күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады", - делінген құжатта.

Азаматтар 30 күннен артық мерзімде болу үшін виза рәсімдеуі тиіс.

Қаулы жобасын көпшілік талқылау 2 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу