Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасы қайта жанданады

372

Екі ел өкілі әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Қазақстан мен Жапония арасында әуе қатынасы қайта жанданады Фото: gov.kz

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Салтанат Томпиева қазақстандық әуе компаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу