Қазақстан мен Жапония экология саласындағы мәселелер аясында өзара ынтымақтастықты талқылады

756

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

Қазақстан мен Жапония экология саласындағы мәселелер аясында өзара ынтымақтастықты талқылады Фото: gov.kz

Жапония 2020 жылы 2050 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді мақсат етіп қойып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта Күншығыс елі энергетикалық көздерден парниктік газдардың шығарылу көлемі бойынша әлемде 5-орында (ҚХР, АҚШ, Үндістан, Ресей) тұр.

Жапондық тарап бірлескен Кредиттеу механизмі (JCM) аясында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл механизм озық технологияларды және шығарындыларды азайту жөніндегі инфрақұрылымды таратуға, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, JCM парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңіруге бағытталған Климаттық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Кездесу соңында жапон тарапы кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін министрге алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу