Қазақстан мен Жапония ғалымдары жаңа гербицидті сынап жатыр

187

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Жапония ғалымдары жаңа гербицидті сынап жатыр Фото: АШМ

Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында Sumitomo компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Онда институт ғалымдары – Камалдин Шермағамбетов, Гүлсім Баймбетова және Айдос Жалбыров – күріш алқаптарында жаңа жапон гербициді NC-656-ны сынау барысы мен қазіргі нәтижелерді талқылады. Сондай-ақ, алдағы жоспарлар мен жаңа тәжірибе алаңдарын ұйымдастыру жайы қарастырылды.

Кездесуде жапондық препараттарды қант қызылшасы мен жаздық арпада қолдану мүмкіндігі де қаралды.

Тараптар агротехнологиялар бағытында әріптестікті жалғастырып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу