Қазақстан мигранттар санына шектеу қояды

838

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квотаны белгілеу" туралы бұйрықты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақстан мигранттар санына шектеу қояды Фото: gov.kz

Құжатта келер жылы шетелдіктерді жұмысқа тарту үшін бөлінетін квота саны қысқаратыны көрсетілген.

"Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квота жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсат бойынша 0,24% мөлшерінде белгіленсін. Еңбекші көшіп келушілерді жұмысқа тарту 3,2% мөлшерінде бекітілсін", - деп жазылған ашық талқыға шығарылған бұйрықта.

Биыл шетелдіктерге бөлінген квота мөлшері – 0,31 пайыз болды. 2023 жылы министрлік квотаның бұл түрін 0,07 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр.

Бұйрықты ашық талқылау 30 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу