Қазақстан Молдоваға авиаотын жеткізетін болды

145

"ҚазМұнайГаздың" еуропалық активі – KMG International тобы бірінші жартыжылдықтағы есебін жариялады.  

Қазақстан Молдоваға авиаотын жеткізетін болды Фото: kmg.kz

Есепті кезеңде компанияға қарасты "Петромидия" мұнай өңдеу зауытында 2,6 миллион тонна шикізат өңделіп, 2,5 миллион тоннадан астам дайын өнім шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 Оның ішінде:

  • 1 млн 159 мың тонна – дизель отыны;
  • 700 мың тонна – бензин;
  • 225 мың тонна – Jet A1 авиаотыны.

KMGI-дің бөлшек сауда желісі бойынша өнім өту көлемі 7%-ға артып, 1,4 миллион тоннадан асты. Бұл өсімге негізінен Румыния мен Молдовадағы көтерме сауданың жандануы септігін тигізді. Сонымен қатар, Румыниядағы жанармайдан тыс тауарларды сату түсімі де 6%-ға ұлғайып, 26,1 миллион долларды құрады.

Қаржылық жағынан топ айтарлықтай табысқа жетті:

  • EBITDA (операциялық пайда) көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға өсіп, 203 миллион долларға жетті.
  • Таза пайда 87 миллион долларды құрады. Ал былтыр компания бұл кезеңді 6 миллион доллар шығынмен жапқан болатын.

Халықаралық трейдингті дамыту мақсатында KMGI Молдованың Мемлекеттік меншік агенттігімен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойды. Бұл серіктестік компанияға Молдованың авиациялық отын нарығына шығуға, ұшақтарға жанармай құюды ұйымдастыруға және аймақтағы логистиканы оңтайландыруға жол ашады.

Кишинев халықаралық әуежайында жолаушылар ағыны 47%-ға өсіп, ол Еуропадағы ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың біріне айналды. Бұл бастамалар KMGI-дің халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясына толық сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу