Қазақстан мұғалімдерінің жалақысы орташа жалақы мөлшерінен едәуір төмен

1200

Қазақстан мұғалімдерінің жалақысы орташа жалақы мөлшерінен едәуір төмен

Қазақстанда білім саласындағы жалақы төмен күйінде қалып отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі мамандар жалақысы 63 мың теңгеден көтерілмей тұр. Ал мектеп мұғалімдері 76-99 мың теңгенің арасында еңбекақы алады, деп хабарлайды finprom.kz.

Білім саласындағы нақты жалақы көлемі бір жылда 3,9 пайызға кеміген.
Білімдегі еңбек нарығының өсімі баяу. Соңғы жылда білім саласына жұмысқа келгендер саны 25,7 мыңға ғана өсті. Ал осы жылдың қыркүйек айының соңында саладағы маман саны 937,9 мың адам болған.
Маман санын арттыруға төмен жалақы кедергі болып отыр. Мысалы, биыл балабақша мен мектепке дейінгі шағын орталықтардағы кесімді жалақы көлемі 62,9 мың теңгеден аспаған. Ал осы жылы Қазақстан экономикасындағы орташа жалақы көлемі 99,2 мың теңгені құраған болатын. Педагогтар, әдіскерлер мен бастауыш сыныптың өзге де мамандарының жалақысы орташа көрсеткіштен айтарлықтай төмен – 76,1 мың теңге.

Бұл жағдай кәсіби мамандардың саладан кетуіне әкеп соғуда. Бір жылда 243 бастауыш сынып мұғалімі немесе 2,4 пайыз маман саладан кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу