Жобалар мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнім шығаруды кеңейтуге бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірістік құзыреттерді дамытуға да басымдық береді.
– Мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп, 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде, – деді Ерлан Ақкенженов.
2022-2025 жылдар аралығында Қазақстанда 7,9 млрд теңге сомасына 10 өндіріс локализацияланды, 350-ден астам жұмыс орны ашылды.
Жеке бағыт – халықаралық сертификаттаудан өту кезінде отандық өндірушілерді қолдау.
– Тиісті сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу шегін 3 000-нан 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту жұмысы жүргізілді. Бұл отандық кәсіпорындарға 60 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі шығындарын өтеп алуға мүмкіндік береді және сәйкесінше қазақстандық өндірушілерге үш ірі оператордың жеткізу тізбегіне шығуға, сондай-ақ өнімдерді шетелге экспорттық жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік ашады, – деді Ерлан Ақкенженов.
Механизм қазірдің өзінде саланың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуде: бүгінгі уақытта мұнай-газ секторының 7 отандық тауар өндірушісінің Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдерінің нарықтарына өнімді экспорттық жеткізу тәжірибесі бар.