Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуды МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдердің кездесуінен кейін шешеді

1456

Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуды МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдердің кездесуінен кейін шешеді

Қазақстан мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімді МЭЕҰ-ға мүше және оған мүше емес елдердің кездесуінен кейін ғана қабылдайтын болады, деп мәлім етті энергетика министрлігі. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

"Өз тарапымыздан қысқарту туралы  МЭЕҰ-ға мүше және мүше емес елдердің кездесуінен кейін мәлімдейтін боламыз", – деді министрліктің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Министрлік өкілдері "Қазақстан  әлемдік мұнай қауымдастығының мұнай өндірудің көлемін шектеу жөніндегі әрекетін қолдаймыз" де атап өтті.

Бұған дейін айтылғандай, МЭЕҰ елдерінің 30 қарашада өткен кездесуінде соңғы 8 жылда алғаш рет  мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,2 млн баррельге  қысқарту жөнінде уағдаласты. Ал МЭЕҰ енбейтін мұнай өндіруші өзге елдер өндірісті тәулігіне 600 мың баррельге төмендетуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу